2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусым аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты арнайы және инклюзивтік білім беру жүйесін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру қызметтерінің сапасын талдау, арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ғылыми-практикалық зерттеулер шеңберінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыстың диагностикалық-консультациялық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік әдістерінің сапасын арттыру болып табылады.
Жалпы, орталықтың қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.
Аудитпен жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Нәтижелер бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.