ҚР БҒМ-ға бағынысты 18 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында өткізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

Ішкі аудит департаменті 2021 жылғы тамыз бен қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бағынысты 18 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ЖОО) жоғары оқу орындарының жылжымайтын мүлік нысандарын есепке алу мен пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестік аудитін жүргізді.

Жалпы ЖОО қызметі Жарғыларда көзделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді.

Аудит нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу, басқару және пайдалану кезінде қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Осылайша, негізінен анықталған бұзушылықтар бухгалтерлік есеп пен өзгеде заңнама бойынша жекелеген талаптарды сақтамауға байланысты.

Ішкі бақылау жүйесін күшейту және жылжымайтын мүлік объектілерін басқару және пайдалану саласындағы ішкі бизнес-процестерді нақты регламенттеу мақсатында жоғары оқу орындарына анықталған бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті ұсынымдар берілді.

Дата публикации
29 марта 2022