Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2021 жылы 39 мемлекеттік аудит объектіcінде 17 аудиторлық іс-шара өткізді (2020 жылдан ауысқан аудиторлық шаралармен қоса алғанда).
Аудит обьектілеріне олардың қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, ішкі бизнес-процестерді жетілдіруге бағытталған ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын 17 шешім жолданды.
Аудит обьектілері республикалық бюджетке қаражатты өтеу және есепке алу сомаларын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдады.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит обьектілерінің лауазымды және заңды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.