Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы.

Академия қызметінің негізгі мәні білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Академия қызметінің мақсаты оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын дамыту, соның ішінде өмір бойы оқыту жүйесін дамыту, ұлттық білім беру жүйесін реформалау процесін және табысты жұмыс істеуін мониторингілеу болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша осы экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен қоса);
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  • жеке куәлігінің көшірмесі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (806-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-20-71.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы.
Дата публикации
29 марта 2022