«Халықтың білім және ғылым саласында жүргізіліп отырған саясат туралы хабардар болу деңгейі және халықтың білім беру қызметінің сапасына қанағаттануы» әлеуметтік пікіртерімінің нәтижелері

МАҚСАТЫ:  халықтың мақсатты топтарыың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат туралы хабардар болуын, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттануын бағалау.

 

МІНДЕТТЕРІ:

  1. 1. Халықтың білім беру саласында жүргізіліп отырған саясат туралы хабардар болу деңгейін анықтау:

1.1 мақсатты топ санаттарының Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы хабардар болу деңгейін анықтап білу;

1.2  мектеп мұғалімдерінің, ТжКБ, жоо оқытушыларының «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғаны туралы хабардар болу деңгейін анықтау.

  1. Мақсатты топ санаттарының Қазақстандағы білім және ғылым жүйесінің дамуына қанағаттану деңгейін анықтау:

2.1 мақсатты топ санаттарының ҚР БҒМ енгізген жаңалықтарын қолдау деңгейін анықтау;

2.2 білім беру жүйесінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап білу және талдау;

2.3 оқушылардың оқыту әдістеріне, оқу үрдісінің ұйымдастырылуына және өз оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына қанағаттану деңгейін анықтап білу;

2.4 оқушылар мен оқушылардың ата-аналарының білім беру сапасына қанағаттану деңгейін анықтау;

2.5 педагогтардың білім беру үрдісіне (білім беру бағдарламаларының мазмұнына, оқу үрдісінің ұйымдастырылуына және өз оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуына) қанағаттану деңгейін анықтау;

2.6 педагогтардың Педагог мәртебесі туралы заңның негізгі ережелерінің іске асырылу тиімділігін бағалауы;

2.7 жоо оқытушылары мен ҒЗО қызметкерлерінің қазақстандық ғылымның абыройын арттыруға бағытталған шаралардың іске-асырылу тиімділігін бағалауы.

  1. Білім беру жүйесінде енгізілген жаңалықтар туралы ақпарат көздері мен арналарының сұранысқа ие болуын анықтау;
  2. Мақсатты топтардың қашықтан оқыту формасына деген көзқарастарын анықтап білу.
Дата публикации
21 февраля 2022