Білім беру қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (Заңның 57-бабының 1-тармағы).
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылады.
Сонымен бірге, білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылатынын және біліктілік талаптарына жауап беретін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініштер мен құжаттарды уәкілетті орган білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес қарайды («Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығы) және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы жалпы негіздерде беріледі.