«Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру  дипломы.»;

реттік нөмірлері 15, 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломы.

  1. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін диплом.
  2. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) бланкілері.»;

реттік нөмірлері 28, 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом (маман).

  1. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік диплом (маман).
  2. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом (жай).
  3. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік диплом.».
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                         А. Смайылов

Дата публикации
25 февраля 2022