Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;
Конкурсқа қатысуға кандидаттар қағаз және электрондық тасымалдағышта келесі құжаттарды ұсынады:
1) бекітілген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының қызмет тізімі, бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы);
- Қазақстан Республикасының азаматтары «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
5) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
6) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
7) денсаулығы туралы № 075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
9) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде берілген есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.
Үміткер тұлғалар өздерінің білімдеріне, жұмыс тәжірибелеріне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады (біліктілікті жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар алу, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер).
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-ның Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. 071412, Семей қ, Глинка көшесі, 20А, каб. 307, қызмет.тел.: 8 (7222) 31-31-72, ұялы тел.: 87079931301.