«Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жоба

«Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға қол қою туралы»  Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

 

Қазақстан Республикасының
  Премьер-Министрі

 

 

 

     Ә. Смаилов

 

Жоба

Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға қол қою туралы

 

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»                     2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                      Қ. Токаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда,         2022 жыл

 

№

 

 

 

Дата публикации
01 марта 2022