«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

5-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдары негізінде гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін бекіту, сондай-ақ қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарға техникалық тапсырмалардың тізбесін бекіту»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға арналған өтінімдерді мақұлдау»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

«Байғарин Қанат Әбдуәлиұлы – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Илесанми Адесида – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйы    мының провосты, электр инженерия саласындағы PhD докторы  (келісім бойынша)»;

«Шәукенова Зарема Қаукенқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)» деген жол алынып тасталсын;

«Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы –«Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, биохимия саласындағы PhD докторы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Закарья Күнсұлу – «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»;

«Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»;

«Садыбеков Махмұд Әбдісәметұлы – «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұраған Дурвудхан – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің корреспондент мүшесі, математика саласындағы PhD докторы (келісім бойынша)»;

«Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының докторы (келісім бойынша)» деген жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті-басқарма төрағасы, құқық саласындағы PhD докторы (келісім бойынша)».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

 

Дата публикации
25 февраля 2022