Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын қалыптастыруына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жариялайды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 7 - тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

         1) ұсынылған қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

        2 ) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.

         Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар a.stamkulova@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады.

Дата публикации
24 февраля 2022