Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын қалыптастыруына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1.1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.
Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар a.stamkulova@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады.
Жұмыс тобының қатысушыларының саны 7.