Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі –
    Жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі –
    Министрлік) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментіне ұсынсын.

  1. Жоспардың орындалуы туралы ақпарат пен есепті әзірлеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары басшылыққа алынсын.
  2. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті:

1) тоқсан сайын мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Жоспардың іске асырылуы туралы есепті Министрліктің аппарат басшысына ұсынсын;

2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аппарат басшысы                    

                 Қ. Сәрсембаев

 

Дата публикации
18 февраля 2022