2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру (ҚР БҒМ
2021 жылғы 17 тамыздағы № 409 бұйрығы) (бұдан әрі – Министрліктің даму жоспары) төрт стратегиялық бағыт бойынша жүргізілді:
1) 21-ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету;
2) Экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;
3) Нәтижелі ғылым;
4) Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын нығайту және тілдiк ортаның үндестігі.
Министрліктің даму жоспарында барлығы 28 индикаторды іске асыру көзделген, оның ішінде 2021 жылы 27 индикаторға қол жеткізіледі деп қарастырылған.
Министрліктің даму жоспары келесі мақсаттарды көздейді:
- мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктер мен дағдыларының даму деңгейін арттыру;
- сапалы орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, мектеп жасындағы балалардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру;
- еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын 21-ғасыр дағдысы бар ұрпақ дайындауға бағытталған өзін-өзі реттейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін құру;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру үшін біртұтас ғылыми экожүйені қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Мақсаттарды іске асыру мынадай өзекті мәселелерді шешуге бағытталған: 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту, халықтың мектепке дейінгі / орта білім беру сапасына қанағаттануы, педагогтің кәсіби өсуі, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру мәселелерін шешу, ғылымның ел экономикасын дамытуға үлесін ұлғайту, ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту және т. б.
1-стратегиялық бағыт. 21-ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 10 871 мектепке дейінгі ұйым (2020 ж. – 10 650 бірлік), балалар контингенті 922 400 адамды құрайды.
3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 99%-ды (2020 ж. – 98,7%) және 1-6 жас – 84,6%-ды (2020 ж. – 81,6%) құрады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне дайындау олардың танымдық және әлеуметтік дамуын дер кезінде бастауға, балалы отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға және әйелдердің еңбек нарығына көбірек интеграциялануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2021 жылы жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің саны 93 902 адамды құрады (2020 ж. – 92 730 адам). Жоғары білімі бар педагогтердің үлесі (67,1%) ТжКБ бар педагогтерінің үлесінен 2 есе жоғары (32,8%), бұл мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалы білім деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді.
2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 14 121 (20 %) педагогі және орта білім беру ұйымдарының 66 452 (21 %) педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагогтер заманауи білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілерін меңгереді, олар: мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтау, нығайту үшін өзекті талаптар мен әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, педагогтің кәсіби-жеке құзыреттерінің деңгейін арттыруды, білім алушылардың ұлттық құндылықтары мен рухани имандылығын тәрбиелеу процестерін жақсартуды, цифрлық технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды, қазіргі заманғы білім берудің мәдени феномені ретінде сыни ойлауды, оқушының әлеуметтік және жеке маңызды қабілетін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім беру сапасын арттыру контексінде оқыту, дамыту және тәрбиелеу әдістері бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;
Есепті жылы халықтың мектепке дейінгі / орта білім сапасына қанағаттану деңгейі 81% - ды құрады.
«Ел үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде ауыл оқушылары үшін «Мың бала» олимпиадасы өткізілді, ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларының жалпы санынан 150 мың (50%) өтінім берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептері: «Білім-Инновация» лицейлері, Республикалық физика-математика мектебі және «Дарын» мамандандырылған мектептеріне конкурстан тыс қабылдануға мүмкіндік берілді.
Жыл сайын Зияткерлік мектеп оқушылары арасында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар жүлдегерлерінің үлесі артуда. Есепті жылы жеңімпаздардың үлесі өткен жылдың көрсеткішінен
10,1% - ға асып, 73,7% - ды құрады.
2021 жылы 3-9 сынып оқушыларының 18 820 бала оңалту мен сауықтырудан өтті. Оқушылар өз денсаулығын нығайтуға, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені дамытуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, «Білім беру мониторингінің қорытындылары бойынша оқу жетістіктерінің, бастауыш және негізгі орта білім беру оқушыларының нәтижелері», «Білім беру мониторингінің қорытындылары бойынша бастауыш және негізгі орта білім беру ауыл оқушыларының оқу жетістіктерінің нәтижелері» индикаторлары бойынша, ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 69-ө өкімін орындау шеңберінде, ҚР БҒМ
2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (ББЖМ) бекітілді, онда
2022 жылғы сәуірде мектептерде ББЖМ өткізу айқындалған.
Есепті жылы білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу үшін тест тапсырмаларын әзірлеу және тест тапсырмаларын апробациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Демонстрациялық емтиханды енгізген колледждердің саны
(72 бірлік немесе 20%) 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе көп (2020 - 36 бірлік).
Демонстрациялық емтиханның арқасында студенттер практиканы белсенді меңгереді және жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар алады, өйткені бағалауды тәуелсіз сарапшылар (жұмыс берушілер) жүзеге асырады. Еңбек нарығына шығарылатын, ел экономикасының түрлі секторларының тиімділігін арттыруға қабілетті мамандардың сапалық деңгейі өсуде.
Оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін ТжКБ мемлекеттік ұйымдары педагогтерінің саны 4 900 педагогті немесе 20%-ды құрады. ТжКБ бар кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз ету үшін колледждерге білім беру мазмұнында академиялық дербестік берілген. Педагогтердің практикаға бағдарланған курстарға көшуін ескере отырып, олардың біліктілігін арттыру жүйесі қайта қаралды, енді курстар теорияның 60%-ын және бейінді ескере отырып, өндірістегі практиканың 40%-ын көздейді. Осылайша, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары педагогтердің құзыреттілігінің жаңа жиынтығын қалыптастыруға бағытталған. Осы шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында оқыту сапасын күшейтуге әсер етті.
2021 жылы жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны бойынша оң динамика байқалды, 35 873 адамды құрады (2020 ж. - 29 069 адам) немесе 6%.
Назарбаев Университетінің жұмысқа орналасқан, оқуын жалғастыратын түлектерінің үлесі артып, 87%-ды құрады (2020 ж. - 85,1%.)
2021 жылдың қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті QS-WUR рейтингіне, ТОП-200 кірді.
«Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» индикаторы бойынша, Covid-19 пандемиясына байланысты Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің есебі 2023 жылға ауыстырылды.
2021 жылы ғылым саласында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биологиялық өнімдердің 5 технологиясы, микроорганизмдер коллекциясының штаммдары жақсартылды және жетілдірілді.
Жобаны іске асыру ҚР аумағында аурулардың пайда болу және таралу қаупін азайтуға, эпизоотиялық және эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға ықпал етеді, адамдардың зооантропоноздық аурулармен сырқаттануын төмендетуге, сол арқылы елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуетті қауіпті патогендерден биологиялық қорғауды нығайтуға мүмкіндік береді.
100% жетістікпен мынадай индикаторлар қамтамасыз етілген: «Болжамды комиссияның қызметін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ сейсмология саласындағы ҒЗТКЖ-ны іске асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасы аумағының сейсмологиялық ақпарат мониторингін уақытша қамту»,
«ҒЗТКЖ-ны іске асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету коэффициенті» және «Түркі академиясы ғимаратымен қамтамасыз ету коэффициенті», Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ғылыми зерттеулерді сапалы орындау үшін жағдай жасау.
ҒЗТКЖ-ны іске асыратын мемлекеттік ЖОО-лардың, ҒЗИ-дың жаңартылған ғылыми жабдықтарының үлесі 13,7%-ды құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайту жаңа шынайы, статистикалық өңделген деректерді алу бөлігінде ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға, пайдаланылған қазіргі заманғы әдістерге ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ өнімнің жаңа түрлерін әзірлеуде пайдаланылатын нәтижелерді алуға және оларды кейіннен енгізуге мүмкіндік берді.
Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформаларындағы ақпараттық ресурстарының деректері бойынша
2018 жылғы (4873 бір.) жарияланымдардың жалпы санынан рейтингтік жарияланымдардағы қазақстандық басылымдардың өсуінің оң динамикасы байқалады, 39,6%-ды (2020 ж. - 25,9%) құрады.
Ғылыми жарияланымдар ғылыми қызметкерлердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сондай-ақ әлемдік ғылымдағы елдердің ұстанымын салыстыру үшін өлшемшарт болып табылады.
«Биофармацефтік зауыт құрылысы бойынша орындалған жұмыстар көлемі» индикаторына қол жеткізілді.
«ЖІӨ-ден ғылымға арналған шығыстардың үлесі» индикаторы бойынша 2021 жылғы статистикалық деректер 2022 жылғы 1-тоқсанның қорытындылары бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында ұсынылатын болады.
4-стратегиялық бағыт. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын нығайту және тілдік ортаны үйлестіру.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша социологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес халықтың 91%-ы мемлекеттік тілді, 27%-ы үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергені анықталды.
Есепті жылы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі іс жүргізудің үлес көлемі 2021 жылдың қорытындысы бойынша құжат айналымының жалпы көлемінде 96%-ды құрады. Мемлекеттік тілдегі мемлекеттік органдардағы құжат айналымы көлемінің мониторингі мемлекеттік тілдегі іс жүргізуді ұлғайтуға ықпал етеді.
Есепті кезеңде 4 индикатор орындалмаған. Осы индикаторлардың орындалмауы өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсер еткен жоқ.
Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 2021 жылы 865 198 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- мемлекеттік органда 847 605 (немесе 98,0%) қызмет (қағаз түрінде);
- электрондық нысанда көрсетілген 17 593 (немесе 2,0%) қызмет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде 2021 жылы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен 4 мемлекеттік аудит жүргізілді:
Аудит келесі мәселелерді қамтыды: 1. 2020 жылға арналған қаржылық есеп берудің сенімділігі.
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Министрліктің 2020 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігінің ескертпелері бар пікірі айтылды;
Министрлік ұсынған аудиторлық есепке қарсылықтармен қол қойылды. Сот талқылауының қорытындысы бойынша Министрліктің талап арызынан бас тартылды. Қазіргі уақытта қаржылық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аудит қорытындысы бойынша қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Аудит объектісімен қаржылық бұзушылықтар толық көлемде өтелді.
Аудит қорытындысы бойынша Министрлік тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар.
Есепті кезеңде жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға және жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған шаралар іске асырылды.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен мектепке дейінгі білім берудің негізгі пайымын, мақсаттарын, міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын айқындайтын «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі» бекітілді.
Мектепке дейінгі білім беру моделін іске асыру мақсатында МЖМБС мазмұны және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралуда, ECERS әлеуметтік бала күтуші институты (үй тәрбиешісі) халықаралық әдістемесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін бағалау жүйесін енгізу мәселелері пысықталуда.
«Балаларды ерте дамыту институты» құрылды, ол балаларды ерте дамыту мәселелерін зерделеумен, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығы үшін әдістемелік сүйемелдеумен және түсіндіру жұмыстарымен айналысады.
Оқушылардың білім беру жетістіктерін бақылау қағидалары бекітілді, онда 2022 жылғы сәуірде мектептерде ББЖМ өткізу анықталды
(11.05.2021 ж. № 22711).
«Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу шеңберінде жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың тәлімгерлерін көтермелеу қағидаларын енгізу бөлігінде мынадай ақшалай көтермелеу мөлшерінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қарастырылуда: 1 орын – 1500 АЕК,
2 орын – 1000 АЕК, 3 орын – 500 АЕК.
Колледждерге академиялық дербестік берілген, оның шеңберінде білім беру бағдарламалары дербес әзірленеді және оқыту мерзімдері мен траекториясы айқындалады.
2021-2022 оқу жылында республиканың 46 колледжі әріптес ЖОО-мен бірлесе отырып, кәсіптік-техникалық білім мен оқытудың ECVET еуропалық кредиттік технологиясын тәжірибе жүзінде енгізді.
WorldSkills халықаралық талаптарына сәйкес келетін және елдің жұмыс берушілерінің қажеттіліктерін ескеретін 119 білім беру бағдарламасы әзірленді.
Жалпы білім беретін пәндер мен базалық модульдерге қойылатын талаптарды айқындайтын және оқытудың модульдік-кредиттік технологиясын ескере отырып, оқу жоспарының жаңа үлгілерін ұсынған техникалық және кәсіптік білімнің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілді (ҚР БҒМ м.а. 2021 жылғы 23 маусымдағы № 362).
ТжКБ жаңа сыныптаушысы бекітілді, оның шеңберінде колледждердің мамандықтары еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес келеді.
2021 жылы стипендия бағдарламасы аясында шетелдіктер үшін 550 грант бөлінді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық деңгейдегі қолданбалы міндеттерді шешуге ғылымды тарту мақсатында ғылыми және сарапшылық қоғамдастықпен кең ынтымақтастықта ғылымды дамытудың
2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық құжаттары әзірленді.
Министрліктің даму жоспарын іске асыру үшін тоқсан сайын іс-шараларды іске асыру кезіндегі тәуекелдерді анықтау және одан әрі іске асыру бойынша ұсынымдар беру үшін Министрліктің Операциялық жоспардың орындалуына ішкі мониторинг жүргізіледі.
Министрліктің даму жоспарын одан әрі іске асыру шеңберінде ЖАО-мен бірлесіп келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет:
- 4 және 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бақылау бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- QS-WUR рейтингінде Қазақстан университеттерінің ұстанымын жақсарту бойынша жұмысты күшейту;
- биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша биологиялық өнімдердің, микроорганизмдер коллекциясы штаммдарының технологияларын жетілдіру жұмыстарын жалғастыру.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Ш. Каринова