ҚР БҒМ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі туралы

Ішкі аудит департаменті мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – КазҰПУ, Университет) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы қызметіне 2020 жылдың 1 тоқсанда сәйкестік пен тиімділік аудитін жүргізді.

Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі  10 755 110,5  мың теңгені құрады.

ҚазҰПУ Жарғысымен қарастырылған мақсаттар мен міндеттер,  жалпы университеттің қызметіне сәйкес келеді. Аудит қорытындысы бойынша 7431,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталып, бұл анықталған бұзушылықтар сомасының 3,5% - ын құрайды, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 176 469,7 мың теңгені немесе аудитпен қамтылған соманың 1,6% - ын құрайды.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, Университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланыстарының әлсіздігінен, ҚазҰПУ қызметіне қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың тиімділігіне әсер ететін жекелеген кемшіліктер аудитпен анықталды.

Көбінесе, белгіленген рәсімдік бұзушылықтардың көп бөлігі кейіннен оқудан шығарылған студенттерді оқытуға арналған бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланумен қатар, Университет жатақханаларында санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтамауымен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуымен байланысты.

Сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру кезінде гранттық қаржыландыру қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері де анықталды.

Университет қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаражатты қаржыландыру және тиімді пайдалану, сондай-ақ университеттің ғылыми қызметі үшін ҚазҰПУ қызметіне бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
13 апреля 2020