ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ
№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ
|
Тапсырманың атауы: |
Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі: |
|
Жобаны басқару тобының (ЖБТ) 1.1 және 1.3 кіші құрамдауыштар бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) |
KZEMP/PMU/IC-19-2022 |
ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН
МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.
ҚР БҒМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) 1.1 және 1.3 кіші құрамдауыштар бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
ЖБТ 1.1 және 1.3 кіші құрамдауыштар бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) (бұдан әрі – Жоғары білім беру бойынша маманы) ЖБТ құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады. ЖБТ Жоғары білім беру бойынша маманы жобаның 1.1 "Оқулықтарды сараптау сапасын қамтамасыз ету тетігін күшейту" және 1.3 "Педагогикалық білім беруді жаңғырту" кіші құрамдауыштар шеңберінде іс-шаралардың орындалуын және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 1.1 және 1.3 кіші құрамдауыштар бойынша маманы осы құрамдауыштардың негізгі индикаторларына қол жеткізу, 1-құрамдауыш шеңберінде іс-шараларды орындауға тартылған қосымша жалданған компаниялардың қызметін үйлестіру үшін жауапты болады.
Тапсырманың ұзақтығы
Тапсырманың ұзақтығы 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
ҚР БҒМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.
Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.
Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Нұр-Сұлтан қ.уақыты) 2021 жылғы 28 ақпанға дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: " ЖБТ 1.1 және 1.3 кіші құрамдауыштар бойынша маманы (Жоғары білім беру бойынша маманы) бос лауазымына".
"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе
E-mail: eduproject2022@gmail.com
Байланыс тел: 8 (7172)645796