ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ
№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ
|
Тапсырманың атауы: |
Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі: |
|
Жобаны басқару тобының Мониторинг және бағалау бойынша маманы |
KZEMP/PMU/IC-20-2022 |
ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН
МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
ҚР БҒМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) Мониторинг және бағалау бойынша маманының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
ЖБТ Мониторинг және бағалау бойынша маманы ЖБТ құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады. Мониторинг және бағалау бойынша маманның (бұдан әрі - Маман) негізгі міндеті Жобаның мониторингі мен бағалауын әзірлеу мен жүзеге асыру жүйесін басқару болып табылады. Маман әсер ету бағасы талаптарына Жобаның іске асуына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік банк тобымен тығыз қатынаста жұмыс жасайды. Министрлік басшылармен, қызметкерлерімен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз әріптестікте; Жоспарды өзгеретін жағдайларға байланысты және жобаны жоспарлау/есеп беру талаптарына сәйкес үнемі түзетіп отырады; бюджетті құру үшін барлық жоспарларды, жылдық жоспарды қоса алғанда бюджетті құру мақсаты үшін Жобаны іске асырудың барлық жоспарының соңғы әзірлемесін үйлестіреді.
Тапсырманың ұзақтығы
Тапсырманың ұзақтығы 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
ҚР БҒМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.
Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.
Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Нұр-сұлтан Қ.уақыты) 2022 жылғы 28 ақпанға дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ЖБТ Мониторинг және бағалау бойынша маманының бос лауазымына".
"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе
E-mail: eduproject2022@gmail.com
Байланыс тел: 8 (7172)645796