«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереженің, сондай-ақ оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                       65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2021 жылғы 24 тамыздағы №3 және 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №4 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереженің, сондай-ақ оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 167 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және                     2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесінің сайланған мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды және 2022 жылғы 25 сәуірде аяқталады.».

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Аппарат басшысы Қ.М.Сәрсембаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                     А. Аймағамбетов

Дата публикации
21 января 2022