Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінде жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі туралы

2019 жылдың 4 тоқсанында Ішкі аудит департаменті Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінде (бұдан әрі – ЖЖОКБД) 2017-2018 жылдар кезеңіне жоспардан тыс тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудитпен қамтылған бюджет қаражаты 200 581 348,4 мың теңгені құрады. Бюджет қаражатын негізсіз пайдаланудан тұратын жалпы сомасы 1 124,0 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы 84 248 335,3 мың теңге құрады.

Жалпы, жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі бар мамандарды даярлайтын және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бөлінген қаражатты, сондай-ақ жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім шеңберіндегі әдістемелік қолдауға бөлінген бюджет қаражатты пайдалануда бұзушылықтар жіберілген.

Және де ЖЖОКБД жұмысында жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін жоғары оқу орындарымен бекітілген шарттар бойынша қаражаттың нақты қажеттілігін мониторингілеуге байланысты уақтылы шара қабылданбауына орай жекелеген кемшіліктер анықталды.

Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге негізсіз пайдаланған 240,5 мың теңгені республикалық бюджет кірісіне өтеу үшін шара қабылдау қажеттілігі және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім алушы тұлғаларды есепке алу және мониторингілеуді Ұлттық білім беру дерекқоры аясына енгізу мәселесін шешу бойынша, сондай-ақ жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы тиімділікті арттыруға бағытталған өзге де ұсынымдар жолданды.

 

Дата публикации
07 апреля 2020