Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті қызметінің 2020 жылғы 1-тоқсандағы нәтижелері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Ішкі аудит департаменті) 2020 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне сәйкес 2020 жылдың 1-тоқсанында 2 мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық  іс-шара жүргізілді («Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК).

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК нысаны бойынша аудит материалдары іске асырылуда.

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты есепті кезеңде    3 аудиторлық іс-шара өткізу тоқтатылды және кейінге қалдырылды (ҚР БҒМ ҒК «Ғылым қоры» АҚ, ҚР БҒМ «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК).

Сонымен бірге, ү.ж. 1-тоқсанында 2019 жылдың 4-тоқсанында өткізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері іске асырылды (ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті және ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ).

 

Есепті кезеңде аудит объектілеріне 3 шешім жіберіліп, онда барлығы 38 ұсыныстер мен тапсырмалар көрсетілген.

Жалпы, ү.ж. 1-тоқсанында барлығы 241,9 млрд. теңге аудитпен қамтылды, оның ішінде бюджеттік қаражат – 239,8 млрд. теңге, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекет активтері – 2,1 млрд. теңгені құрады.

 

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 98,2 млрд. теңге немесе аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемінің 40,6% құрап, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 13,5 млрд. теңге немесе анықталған бұзушылықтар көлемінің 13,8%, оның ішінде 0,01 млрд. теңге бюджетке өтелуге, қалпына келтіруге - 13,5 млрд. теңге жатады;

– рәсімдік бұзушылықтар - 84,6 млрд. теңге немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемінің 86,2% құрайды.

 

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 278,6 мың теңге қалпына келтіріліп, 604,9 мың теңге өтелді.

 

Мемлекеттік аудит объектісінің 1 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 2 объекті бойынша аудит материалдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қаралуында (жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша).

 

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің төрағалығымен Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, онда Ішкі аудит департаменті қызметінің 2019 жылғы қорытындысы, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары, Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері және де «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ың жүргізілген ішкі аудит қорытындысына қарсылықтары қарастырылды.

 

Дата публикации
07 апреля 2020