«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да жүргізілген жоспардан тыс аудиттің қорытындысы

Ішкі аудит департаменті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – Орталық) жоспардан тыс ішкі мемлекеттік аудит жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 39,8 млрд.теңгені құрады.

Жалпы, Орталық Қазақстанның талантты жастарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі міндеттерді орындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының және квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық мақсаттарының талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру мәселелерін реттейтін бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерде бірқатар қайшылықтардың болуын көрсетті, бұл кейіннен оларды іске асыру кезінде қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарға алып келетін Орталықтың қызметіне әсер етеді.

Бұдан басқа, аудит Орталықтың қызметінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың тиімділігіне әсер ететін жекелеген кемшіліктер анықталып, олардың негізгілері келесіден тұрады:

  1. Стипендиаттарды оқытуды қаржыландыру рәсімдерін бастау бөлігінде Министрліктің қолданыстағы бұйрықтарының жетілмегендігі;
  2. Стипендиаттарды оқытуға байланысты шығыстарды тиісінше есепке алынбау;
  3. Дебиторлық берешектің өсуі;
  4. «Е-Болашақ» автоматтандырылған көпфункционалды ақпараттық жүйесіне деректерді тиісінше не уақтылы енгізілмеуі;
  5. Орталық қызметкерлерінің қызметін бағалау бойынша өлшемдер мен көрсеткіштердің болмауы;
  6. Орталықтың шетелдік өкілдіктерінің қызметі қосымша мониторинг пен бақылауды талап етеді.

Аудит қорытындысы бойынша Орталыққа және министрліктің барлық мүдделі бөлімшелеріне тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар жіберілді.

 

Дата публикации
26 марта 2020