Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Институт) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы қызметіне Ішкі аудит департаменті 2020 жылғы 1 тоқсанда сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудитпен қамтылған бюджет қаражаты 1 534 649,5 мың теңгені құрады.
Институттың жалпы қызметі Институттың Жарғысында көзделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес.
Сонымен бірге, аудит нәтижесі бойынша 21 317,0 мың теңге сомасында немесе аудитпен қамтылған сомадан 1,4% құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Қаржылық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Анықталған рәсімдік бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтарына байланысты.
Сондай-ақ, ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында жекелеген кемшіліктер мен проблемалар анықталды.
2018-2019 жылдардағы көптеген жобалар бойынша «Ғылым қоры» АҚ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) коммерцияландыру бойынша жобаларды қаржыландыруды толық көлемде жүргізбеген. ҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша шарттарда тараптардың міндеттемелерін орындау бойынша күнтізбелік мерзімдері нақты көрсетілмеген.
Аудит нәтижесі бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге ҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша шарттарды қаржыландыру мәселесін шешу үшін шара қабылдау қажеттілігі бойынша және де ғылыми ұйымның қызметі тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де ұсынымдар жолданды.