2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Институт) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Институт қызметінің негізгі мақсаты тарихи ғылым, этнология (этнография) және антропология саласында іргелі зерттеу жұмыстарын әзірлеу және жүргізу болып табылады.
Жалпы, Институттың қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді.
Аудитпен жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Нәтижелер бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.