«Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы»                        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: 

қосымшада:

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін» деген 1-бөлімде:

     «Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері» деген 1-кіші бөлімде:

        реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

7

Мемлекеттік электрондық тіркеу тізілімінде рұқсаттар мен хабарламалардың болмауы, оның ішінде жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда. 

өрескел

       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын:

«

12

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болмауы.

өрескел

13

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының орналастырылмауы.

өрескел

14

Бұзушылықтарды жоймау немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері туралы есепті белгіленген мерзімде ұсынбау.

өрескел

»;

         «Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)» деген 2-кіші бөлімде:

        реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

1

 

 

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

 

       »;

        реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

3

 

Мектепке дейінгі ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы.

өрескел

 

 

       »;

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру ұйымының құрылтайшылық, құқық белгілеуші құжаттарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларының,

оның ішінде жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның болуы міндетті.   

өрескел

       »;

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

19

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің саны мен лауазымдарының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штатына және педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі.

өрескел

 

 

 

 

       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-жолдармен толықтырылсын:

«

24

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

өрескел

25

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

өрескел

26

Педагогтердің штат бірлігі және тарифтеу мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылуы.

елеулі

27

50 %-дан кем емес респонденттердің тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған жағдайда, мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі, мектепалды жастағы топтар болмаған жағдайда сауалнама ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жүргізіледі.

өрескел

28

Білім беру ұйымдары педагогтері мен басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін сақталуы.

өрескел

29

ҰБТ өткізу тәртібінің сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

30

Біліктілік бағалау өткізу тәртібінің сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

 

»;

        «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім бері ұйымдары үшін» деген 2-бөлімде:

         «Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері» деген 1-кіші бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15, 16, 17-жолдармен толықтырылсын:

«

15

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болмауы.

өрескел

16

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының орналастырылмауы.

өрескел

17

Бұзушылықтарды жоймау немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері туралы есепті белгіленген мерзімде ұсынбау.

өрескел

»;

        «Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)» деген 2-кіші бөлімде:

        реттік нөмірлері 1, 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

1

 

 

Білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының құрылтайшылық және рұқсаттамалық құжаттарының болуы.

өрескел

       2

 

 

Нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі, сондай-ақ, білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

өрескел

       »;

        реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

4

 

 

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің атқаратын лауазымы бойынша және/немесе білім туралы құжатта көрсетілген мамандыққа сәйкес оқытылатын пәні бойынша бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы.

өрескел

       »;

        реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

7

 

 

Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті компонентінің орындалуын растайтын жұмыс оқу жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестесінің болуы, сондай-ақ білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жұмыс оқу жоспарларындағы, сабақ кестелеріндегі, факультативтік, үйірмелік, топтық және жеке сабақтардың ең жоғары көлеміне сәйкес келуі.

өрескел

       »;

 

        реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

10

 

 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының, денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе арнайы оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқытудың, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы және сәйкестігі.

өрескел

11

 

 

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетт стандартына және оқу бағдарламаларына сәйкестігі.

өрескел

       »;

        реттік нөмірлері 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

16

 

 

Білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен; оқу кабинеттерімен, спорттық залдармен; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;жабдықтар мен жиһаздардың, жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы; санитарлық нормаларға сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы; мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

өрескел

17

 

 

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау және білім алушылардың білім беру ұйымынан шығуы туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ әрбір шығып қалған білім алушыға басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының немесе білім алушының бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауысуы туралы хабарламаның  болуы.
Білім алушылардың жеке істерінде:
- баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды;
- білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдауды;
- жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназия, лицейлерге білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

       »;

      реттік нөмірлері 22, 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

22

Білім құжатында көрсетілген мамандықпен оқытылатын пәннің бейініне сәйкес педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының үш жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы.

өрескел

23

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы және олардың үлгілік қағидаларға сәйкестігі.

болмашы

       »;

        реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

29

 

 

Білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастырылуын растайтын материалдардың болуы.

елеулі

       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39-жолдармен толықтырылсын:

«

32

Оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болу.

өрескел

33

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау.

өресел

34

Оқу-тәрбие жұмысының, мектептің дамуының, мектепішілік бақылаудың, көрсетілетін білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету жоспарларының болуы және олардың сәйкестігі.

елеулі

35

 Бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кешенді тестілеуден қанағаттанарлықсыз өткен жағдайда 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларының арасында оқу нәтижелерін бағалау.

өрескел

36

Білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру.

өрескел

37

 

 

 

 

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйенің болуы.

өрескел

 

 

 

 

38

Орта білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

өрескел

39

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

өрескел

                                                                                                                              »;

        «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін» деген 3-бөлімде:

        «Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері» деген 1-кіші бөлімде:  

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12, 13, 14, 15-жолдармен толықтырылсын:

«

12

Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыру; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін кемінде 108 сағат көлемінде біліктіліктерін арттыру; білім беру ұйымдарының басшылары үшін 5 жылда кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндердің/модульдердің бейіндері бойынша біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтамау. 

өрескел



13

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болмауы.

өрескел

14

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының орналастырылмауы.

өрескел

15

Бұзушылықтарды жоймау немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері туралы есепті белгіленген мерзімде ұсынбау.

өрескел

            »;

        «Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)» деген 2-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ; 3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ; 5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

өрескел

       »;

реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

10

 Мамандықтың дайындалатын біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), "Педагог" кәсіби стандартына (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі; медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Білім беру саласында мамандар даярлау үшін:
- дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін Діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

өрескел





11

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі - кемінде 10%. Жұмысшы біліктіліктерді дайындау үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің жалпы санынан дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%;даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%.

өрескел

       »;

реттік нөмірлері 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

14

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін бекітілген нормативтерге сәйкес симуляциялық кабинеттермен (орталықтармен) жабдықталуы. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдердің және басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарымен меморандумдардың болуы.

елеулі

15

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

болмашы

       »;

реттік нөмірлері 17, 18, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

17

Санитариялық талаптарға сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

елеулі

18

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен берiлген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарламаның болуы.

елеулі

19

ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларын әзірлеуде талаптардың сақталуы.

өрескел

»;

реттік нөмірлері 21, 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

21

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды, сондай-ақ факультативтиік сабақтар және консультациялар.

Білім алушының әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгерген оқу нәтижелеріне негізделген кредиттер/сағаттардағы оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

өрескел

22

ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеруге қойылатын талаптарды сақтау.

өрескел

       »;

реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

25

Білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі.edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

өрескел

       »;

реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

30

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау тәртібінің талаптарын сақтау.

болмашы

       »;

реттік нөмірлері 31, 32, 33, 34-жолдары алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 36, 37-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

36

Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:   ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

 1) күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

  2) оқудың кешкі және сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін;

  3) білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:

   1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша;

   2) оқудың кешкі нысанына-негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды ескере  отырып іріктеу, әңгімелесу нәтижелері негізінде.

өрескел

37

Білім алушыларды бір оқу орнынан басқасына, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысынан мемлекеттік білім беру тапсырысына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқытудың бір нысанынан басқасына ауыстыру тәртібін сақтау. 

өрескел

                                                                                                                                      »;

реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

39

Бұрын білім беру ұйымдарында оқыған адамды бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қалпына келтіру тәртібін сақтау. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында оқығандарды қалпына келтіруге жол беріледі:

-                 оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі бар академиялық айырмашылықтан өткеннен кейін курстар мен мамандықтар бойынша оқыту үшін тиісті оқу топтары болған жағдайда;

-                 курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған жағдайда оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі бар академиялық айырмашылық жеткізілген кезде басқа мамандықтарға қалпына келтіруге жол беріледі.

өрескел

                                                                                                                                      »;

реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

41

Білім алушыларға академиялық демалыстар беру шарттарын негіздер бойынша сақтау:

1)денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттамасының № 026/е нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6-дан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның Орталық дәрігерлік консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындылары;

2) денсаулық сақтау саласындағы IV санатындағы № ТБ 014/е нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын мерзімде туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;

3)әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;

4) үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.

болмашы

                                                                                                                                      »;

реттік нөмірлері 45, 46-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

45

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы; техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде денсаулық сақтау саласындағы 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

өрескел

                                                                                                                                     46

Жаңадан ашылған білім беру ұйымын қоспағанда, колледждердің білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

болмашы

                                                                                                                                      »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 50, 51, 52, 53, 54-жолдармен толықтырылсын:

«

50

 Бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кешенді тестілеуден қанағаттанарлықсыз өткен жағдайда бітіруші курс білім алушыларының арасында оқу нәтижелерін бағалау.

өрескел

51

Білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру.

өрескел

52

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйенің болуы.

өрескел

 

 

 

 

53

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгібілім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

өрескел

54

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

өрескел

            »;

        «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін» деген 4-бөлімде:  

        «Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде ұлттық білім беру дерекқоры (ҰББДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері» деген 1-кіші бөлімде: 

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

7

«Педагогикалық Ғылымдар» бакалавриатының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензиялардың болмауы, ҰБТ бойынша бітірушілердің төмен нәтижелері (орташа республикалық деңгейден төмен).

өрескел

 

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11, 12, 13-жолдармен толықтырылсын:

        «

11

Докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған жоо-ның кеңесінде қорғалған диссертациялар жөніндегі 3 (үш) және одан да көп шешімнің болуы.

өрескел

12

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша сарапшылардың оларды білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу кезінде берген теріс шешімі.

өрескел

13

Лицензияға қосымшаны беруден 3 және одан да көп өтінімдер бойынша бас тарту. 

өрескел

       »;

«Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)» деген 2-кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

12

ЖОО-ның оқу процесін басқарудың ақпараттық жүйесінің (жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы, оның ішінде веб-сайт, ақпараттық-білім беру порталы, оқытудың кредиттік технологиясын ұсынудың автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық-білім беру кешені) жұмыс істеуін қамтамасыз ету. ресурстар).

Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес білім беру ұйымының ағымдағы деректер базаларымен біріктірілген білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкестігі. edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы.

өрескел

       »;

 

      реттік нөмірлері 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

14

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриаты кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы.

өрескел

15

Бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін бес жылда кемінде бір рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес; "Сәулет және құрылыс" кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқытылатын пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда бес жылда кемінде 1 рет.

өрескел

       »;

      реттік нөмірлері 17, 18, 19, 20, 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

17

Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында.
Оның ішінде «Құқық» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін лицензияланатын халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат базаларына жазылудың болуы;
"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәлелді медицина бойынша халықаралық дерекқорларға институционалдық жазылудың болуы.

өрескел

18

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы.

Медициналық бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Кодекске сәйкес бекітілген құзыретті меңгеру үшін жабдықталған симуляциялық кабинеттің (орталық) болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін ақпараттық модельдеу технологиясын іске асыратын мамандандырылған бағдарламалық кешендердің болуы.

өрескел

19

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын:

дайындау саласында ғылым докторы және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар кемінде төрт оқытушының, оның ішінде кемінде бір ғылым докторының немесе философия докторының (PhD) болуы.

Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар кемінде екі оқытушының және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD), оның ішінде кемінде бір философия докторы (PhD) «Ұлттық қауіпсіздік және Әскери істер» болуы.

өрескел

20

ЖЖОКББҰ соңғы 2 жылда кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

өрескел

21

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 %; "Педагогикалық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты үшін – кемінде 60 %, "Құқық" кадрларын даярлау үшін – кемінде 60%, "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау үшін – кемінде 80 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілу – 50 %.
Бұл ретте жұмысқа орналасқан түлектердің саны екінші жоғары білім бағдарламалары бойынша, резидентурада немесе магистратурада немесе докторантурада оқуын жалғастырған түлектерді қамтиды.

өрескел

       »;

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

23

Дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) соңғы бес жылда қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе соңғы бес жылда бейін бойынша кемінде үш жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз ету.

Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе соңғы бес жыл ішінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда оқытылатын пәндер профилі бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар тартылады.

өрескел

                                                                                                                                    »;

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

27

ЖОО бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізу, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу тәртібін сақтау.

өрескел

                                                                                                                                    »;

      реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

37

ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету: оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.

өрескел

                                                                                                                                    »;

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

39

ЖОО-да ұйымдармен және кәсіпорындармен шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу, қолданбалы, ізденіс (бастамалық), инновациялық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру және растайтын құжаттар.

өрескел

                                                                                                                                    »;

      реттік нөмірлері 42, 43, 44, 45, 46-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

42

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, санитариялық тәртіпке және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 %; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.

"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі клиникалармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің құрамында болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандандырылған аудиториялардың (құрылыс материалдары және құрылыс физикасы бойынша; студиялық сабақтар үшін; гипс фигуралары, сәулет бөлшектері, мольберттер қоры бар макет шеберханасы және т.б.) және шығыс материалдары бар 3D принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы.
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін криминалистік полигонның болуы.
Кодекстің 24-бабына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

өрескел

43

Жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақаналар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау және растайтын құжаттар.

өрескел

44

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

елеулі

45

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы.

елеулі

46

ЖЖОКББҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін ғимараттарда жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу, мүгедектердің автокөліктерін қою үшін орындар бөлу).

өрескел

                                                                                                                                    »;

        көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

        реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

3

Мектепке дейінгі ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы.

 







       »;

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

12

Білім беру ұйымының құрылтайшылық, құқық белгілеуші құжаттарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларының,

оның ішінде жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның болуы міндетті.   

 







       »;

        мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-жолдармен толықтырылсын:

        «

24

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

 







25

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

 

 

 

 

26

Педагогтердің штат бірлігі және тарифтеу мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылуы.

 

 

 

 

27

50 %-дан кем емес респонденттердің тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған жағдайда, мектепалды жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) сауалнама жүргізіледі, мектепалды жастағы топтар болмаған жағдайда сауалнама ересек жастағы тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жүргізіледі.

 

 

 

 

28

Білім беру ұйымдары педагогтері мен басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін сақталуы.

 

 

 

 

29

ҰБТ өткізу тәртібінің сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

 

 

 

 

30

Біліктілік бағалау өткізу тәртібінің сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

 

 

 

 

       »;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

реттік нөмірі 1-жол, мынадай редакцияда жазылсын:

        «

1

Білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының құрылтайшылық және рұқсаттамалық құжаттарының болуы.

 







2

Нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі, сондай-ақ, білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

 







       »;

реттік нөмірі 4-жол, мынадай редакцияда жазылсын:

        «

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің атқаратын лауазымы бойынша және/немесе білім туралы құжатта көрсетілген мамандыққа сәйкес оқытылатын пәні бойынша бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы.

 







       »;

реттік нөмірі 7-жол, мынадай редакцияда жазылсын:

        «

7

Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті компонентінің орындалуын растайтын жұмыс оқу жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестесінің болуы, сондай-ақ білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жұмыс оқу жоспарларындағы, сабақ кестелеріндегі, факультативтік, үйірмелік, топтық және жеке сабақтардың ең жоғары көлеміне сәйкес келуі.

 







       »;

реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «   

10

 

 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының, денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе арнайы оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқытудың, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы және сәйкестігі.

 







11

 

 

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетт стандартына және оқу бағдарламаларына сәйкестігі.

 

 

 

 

       »;

реттік нөмірлері 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «   

16

 

 

Білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен; оқу кабинеттерімен, спорттық залдармен; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;жабдықтар мен жиһаздардың, жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы; санитарлық нормаларға сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы; мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

 







17

 

 

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау және білім алушылардың білім беру ұйымынан шығуы туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ әрбір шығып қалған білім алушыға басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының немесе білім алушының бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауысуы туралы хабарламаның  болуы.
Білім алушылардың жеке істерінде:
- баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды;
- білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдауды;
- жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназия, лицейлерге білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың болуы.

 

 

 

 

»;

реттік нөмірлері 22, 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «   

22

Білім құжатында көрсетілген мамандықпен оқытылатын пәннің бейініне сәйкес педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының үш жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы.

 







23

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы және олардың үлгілік қағидаларға сәйкестігі.

 

 

 

 

       »;

        реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «   

29

 

 

Білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастырылуын растайтын материалдардың болуы.

 







       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39-жолдармен толықтырылсын:

        «   

32

Нормаларға сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болу.

 







33

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау.

 

 

 

 

34

Оқу-тәрбие жұмысының, мектептің дамуының, мектепішілік бақылаудың, көрсетілетін білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету жоспарларының болуы және олардың сәйкестігі.

 

 

 

 

35

 Бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кешенді тестілеуден қанағаттанарлықсыз өткен жағдайда 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларының арасында оқу нәтижелерін бағалау.

 

 

 

 

36

Білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру.

 

 

 

 

37

 

 

 

 

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйенің болуы.

 

 

 

 

38

Орта білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

 

 

 

 

39

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

 

 

 

 

       »;

        көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

      реттік нөмірі 8- жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ; 3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ; 5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

 







»;

реттік нөмірлері 10, 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

10

 Мамандықтың дайындалатын біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), "Педагог" кәсіби стандартына (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі; медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Білім беру саласында мамандар даярлау үшін:
- дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін Діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

 







11

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі - кемінде 10%. Жұмысшы біліктіліктерді дайындау үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің жалпы санынан дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%;даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%.

 

 

 

 

            »;

реттік нөмірлері 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

14

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін бекітілген нормативтерге сәйкес симуляциялық кабинеттермен (орталықтармен) жабдықталуы. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдердің және басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарымен меморандумдардың болуы.

 







15

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

 

 

 

 

       »;

реттік нөмірлері 17, 18, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

17

Санитариялық талаптарға сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

 







 18

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен берiлген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарламаның болуы.

 







19

ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларын әзірлеуде талаптардың сақталуы.

 

 

 

 

 

       »;

реттік нөмірлері 21, 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

21

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды, сондай-ақ факультативтиік сабақтар және консультациялар.

Білім алушының әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгерген оқу нәтижелеріне негізделген кредиттер/сағаттардағы оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптардың сақталуы. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

 







22

ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеруге қойылатын талаптарды сақтау.

 

 

 

 

       »;

реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

25

Білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі.edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

 







       »;

 

реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

30

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау тәртібінің талаптарын сақтау.

 







       »;

реттік нөмірлері 31, 32, 33, 34-жолдары алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 36, 37-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

36

Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:   ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

 1) күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

  2) оқудың кешкі және сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін;

  3) білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:

   1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша;

   2) оқудың кешкі нысанына-негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды ескере  отырып іріктеу, әңгімелесу нәтижелері негізінде.

 







37

Білім алушыларды бір оқу орнынан басқасына, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысынан мемлекеттік білім беру тапсырысына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқытудың бір нысанынан басқасына ауыстыру тәртібін сақтау. 

 

 

 

 

       »;

реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

39

Бұрын білім беру ұйымдарында оқыған адамды бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қалпына келтіру тәртібін сақтау. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында оқығандарды қалпына келтіруге жол беріледі:

-                 оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі бар академиялық айырмашылықтан өткеннен кейін курстар мен мамандықтар бойынша оқыту үшін тиісті оқу топтары болған жағдайда;

-                 курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған жағдайда оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі бар академиялық айырмашылық жеткізілген кезде басқа мамандықтарға қалпына келтіруге жол беріледі.

 







»;

реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

41

Білім алушыларға академиялық демалыстар беру шарттарын негіздер бойынша сақтау:

1)денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттамасының № 026/е нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6-дан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның Орталық дәрігерлік консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындылары;

2) денсаулық сақтау саласындағы IV санатындағы № ТБ 014/е нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын мерзімде туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;

3)әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;

4) үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.

 







     »;

реттік нөмірлері 45, 46-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

45

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы; техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде денсаулық сақтау саласындағы 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

 







46

Жаңадан ашылған білім беру ұйымын қоспағанда, колледждердің білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

 

 

 

 

     »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 50, 51, 52, 53, 54-жолдармен толықтырылсын:

        «   

50

 Бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кешенді тестілеуден қанағаттанарлықсыз өткен жағдайда бітіруші курс білім алушыларының арасында оқу нәтижелерін бағалау.

 







51

Білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру.

 

 

 

 

52

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйенің болуы.

 

 

 

 

53

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгібілім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарының болуы.

 

 

 

 

54

Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарының болуы.

 

 

 

 

       »;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

9

Білім беру ұйымының басшы кадрларының және педагогтерінің, сондай-ақ балаларға қосымша білім берудің мемлекеттік ұйымының тиісті профиліндегі мамандардың біліктілігін арттыру кем дегенде бес жылда бір рет жүзеге асырылатынын растайтын сертификаттарының болуы.

 







       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22-жолдармен толықтырылсын:

        «

21

Спорттық, спорттық-техникалық, туристік, би бірлестіктеріне қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының болуы.

 







22

Білім алушыларға қолайлы жағдай жасауды, олардың жас ерекшеліктерін, ата-аналарының қалауын ескеріп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қосымша білім беру ұйымының әкімшілігі жасаған және бекіткен балаларға арналған сабақ кестесінің болуы.

 

 

 

 

       »;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:  

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

12

ЖОО-ның оқу процесін басқарудың ақпараттық жүйесінің (жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы, оның ішінде веб-сайт, ақпараттық-білім беру порталы, оқытудың кредиттік технологиясын ұсынудың автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық-білім беру кешені) жұмыс істеуін қамтамасыз ету. ресурстар).

Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес білім беру ұйымының ағымдағы деректер базаларымен біріктірілген білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкестігі. edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы.

 







       »;

      реттік нөмірлері 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

14

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриаты кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы.

 







15

Бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін бес жылда кемінде бір рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес; "Сәулет және құрылыс" кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқытылатын пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда бес жылда кемінде 1 рет.және өндірістік ұйымдарда бес жылда кемінде 1 рет.

 

 

 

 

       »;

      реттік нөмірлері 17, 18, 19, 20, 21-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

17

Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында.
Оның ішінде «Құқық» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін лицензияланатын халықаралық және ұлттық құқықтық ақпарат базаларына жазылудың болуы;
"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәлелді медицина бойынша халықаралық дерекқорларға институционалдық жазылудың болуы.

 







18

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы;

Медициналық бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Кодекске сәйкес бекітілген құзыретті меңгеру үшін жабдықталған симуляциялық кабинеттің (орталық) болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін ақпараттық модельдеу технологиясын іске асыратын мамандандырылған бағдарламалық кешендердің болуы.

 

 

 

 

19

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын:

дайындау саласында ғылым докторы және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар кемінде төрт оқытушының, оның ішінде кемінде бір ғылым докторының немесе философия докторының (PhD) болуы.

Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар кемінде екі оқытушының және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD), оның ішінде кемінде бір философия докторы (PhD) «Ұлттық қауіпсіздік және Әскери істер» болуы.

 

 

 

 

20

ЖЖОКББҰ соңғы 2 жылда кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

 

 

 

 

21

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 %; "Педагогикалық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты үшін – кемінде 60 %, "Құқық" кадрларын даярлау үшін – кемінде 60%, "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау үшін – кемінде 80 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілу – 50 %.
Бұл ретте жұмысқа орналасқан түлектердің саны екінші жоғары білім бағдарламалары бойынша, резидентурада немесе магистратурада немесе докторантурада оқуын жалғастырған түлектерді қамтиды.

 

 

 

 

       »;

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

23

Дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) соңғы бес жылда қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе соңғы бес жылда бейін бойынша кемінде үш жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз ету.

Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе соңғы бес жыл ішінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда оқытылатын пәндер профилі бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар тартылады.

 







       »;

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

27

ЖОО бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізу, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу тәртібін сақтау.

 

 







       »;

      реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

37

ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету: оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.

 







       »;

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

39

ЖОО-да ұйымдармен және кәсіпорындармен шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу, қолданбалы, ізденіс (бастамалық), инновациялық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру және растайтын құжаттар.

 







       »;

 

      реттік нөмірлері 42, 43, 44, 45, 46-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

        «

42

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, санитариялық тәртіпке және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 %; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.

"Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі клиникалармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің құрамында болуы.
"Сәулет және құрылыс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандандырылған аудиториялардың (құрылыс материалдары және құрылыс физикасы бойынша; студиялық сабақтар үшін; гипс фигуралары, сәулет бөлшектері, мольберттер қоры бар макет шеберханасы және т.б.) және шығыс материалдары бар 3D принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы.
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін криминалистік полигонның болуы.
Кодекстің 24-бабына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

 







43

Жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақаналар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау және растайтын құжаттар.

 

 

 

 

44

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

 

 

 

 

45

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы.

 

 

 

 

46

ЖЖОКББҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін ғимараттарда жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу, мүгедектердің автокөліктерін қою үшін орындар бөлу).

 

 

 

 

       »;

        көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Білім басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

21

Аттестаттау комиссиясының педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың болуы (аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары, педагог портфолиосын қабылдау-тапсыру актісі, портфолио, портфолионы бағалау парағы, сабақты бақылау парағы, педагог қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау бойынша сарапшылар кеңесінің ұсынысы,    педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі, біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы).

 







       »;

реттік нөмірі 26-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

32

Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарының берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамаларының, біліктілікті бағалаудың және портфолионың негізінде қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудың, біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігінің, аттестаттау туралы куәлікті тіркеу және беру журналының) болуы.

 







       »;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41-жолдармен толықтырылсын:

«

35

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібінің сақталуы.

 







36

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын, педагогтерін  бос және (немесе) уақытша бос лауазымға тағайындау конкурсын өткізу кезеңдерінің сақталуы.  

 

 

 

 

37

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын, педагогтерін  бос және (немесе) уақытша бос лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссияның құрылуы туралы бұйрықтың болуы.

 

 

 

 

38

Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын бос лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың болуы.

 

 

 

 

39

Төрағаның, отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің және хатшы қол қойған комиссия отырысының хаттамаларының болуы.

 

 

 

 

40

Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібінің сақталуы.

 

 

 

 

41

Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшылары мен басшыларының орынбасарларын Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібінің сақталуы.  

 

 

 

 

42

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібінің сақталуы.  

 

 

 

 

       »;

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  • осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

_____________ А. Аймағамбетов

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

__________ Ә. Қуантыров

 

Дата публикации
19 января 2022