Қоғамдық тыңдау өтеді

Ағымдағы жылғы 23 желтоқсан күні Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті ұйымдастырады.

Қоғамдық тыңдауға ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдері, Республикамыздың барлық  аймағының білім басқармалары мен  әдістемелік кабинеттерінің мамандары, мемлекеттік емес ұйымдары мен Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері  қатысады деп күтілуде.

Мұндағы мақсат - педагогикалық қауымы мен белсенді азаматтардың Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасына қатысты конструктивті пікірін білу, сын ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алу.

Бұл Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарына, типтік оқу бағдарламаларына, санитарлық нормаларға сүйене отырып, білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысу үшін төмендегі тәртіптерді орындау керек:

 

  1. https://www.gov.kz/memleket/entities/edu?lang=kk сайты;
  2. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасымен танысу.
Дата публикации
22 декабря 2021