«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 бұйрығымен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеменің 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Э.М. Төлеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды және құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Министр                                                                                        А. Аймағамбетов

 

Дата публикации
24 ноября 2021