Баға ұсыныстарына сұраным (БҰС) – Қызметтер шоппингі

Жоба:

Жастар корпусын дамыту

Сатып алушы:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ

Қаржыландыру көзі:

№ TF014174 Траст қорының гранты

Келісім-шартқа сілтеме:

KZYCP/G-SH-21 «Дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу»

 

  1. Осы сұраныммен Сізге Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу бойынша баға ұсыныстарын жолдау ұсынылады: Техникалық сиппатама қоса берілген (1-қосымша орыс тілінде).
  2. Келісім-шарт ең төмен бағаланған бағаны ұсынып отырған жеткізушіге тағайындалатын болады.
  3. Сіздің баға ұсыныстарына сұранымыңыз қоса беріліп отырған сұраным үлгісіне сәйкес электронды түрде келесідей мекен-жайларға жіберілуі тиіс: youthcorpsproject@gmail.comdn@gmal.com.
  4. Сіздің баға ұсыныстарына сұранымыңыз сәйкес техникалық құжаттармен және басқа баспа материалдарымен немесе сәйкес ақпаратпен қоса берілуі тиіс.
  5. Сіздің баға ұсыныстарына сұранымыңызды 3-тармақтағы мекен-жай бойынша қабылдаудын соңғы мерзімі: 2021 жылғы 22 желтоқсан сағ.15-00 Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша.
  6. Сіздің баға ұсыныстарына сұранымыңыз төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша және жеткізудің талаптары мен мерзіміне сәйкес ұсынылуы тиіс (1-қосымша орыс тілінде). Баға ұсыныстарына сұраным және оның қосымшалары (1-қосымша орыс тілінде) қол қою және мөр басу арқылы куәләндырылуы тиіс.

 

 

  • БАҒАЛАР: Бағалар теңгемен көрсетіліп, техникалық сипаттамаға сәйкес жеткізу кезінде зақымдану немесе бүліну тәуекелдерін (сақтандыруды қамтамасыз етуді) қоса алғанда, межелі жерге дейін жеткізуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті салықтар мен төлемдерді қамтуға тиіс (1-қосымша орыс тілінде).

 

  • БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ: Техникалық сиппатамаға сәйкес келетін ұсыныстар бағаларды салыстыру жолымен бағаланатын болады.

 

Баға ұсыныстарын бағалау кезінде Сатып алушы әр ұсыныс бойынша келесідей жағдайлардағы кез-келген арифметикалық дәлсіздіктерді өзгерту арқылы баға құнын анықтайды:

  • санмен және жазумен көрсетілген соммалардағы сәйкессіздік жағдайында, сөзбен көрсетілген сомма анықтаушы болады;
  • бірлікке ұсынылатын баға мен бірлікке берілетн бағаның санға көбейту кезінде шығатын жалпы бағаның (сомманың) сәйкессіздігі жағдайында, бірлікке ұсынылатын баға анықтаушы болады;
  • егер Жеткізуші өзгертулерді қабылдауға қарсы болса, оның ұсынысы қабылданбайды.

 

  • ТАПСЫРЫСТЫ ТАҒАЙЫНДАУ: Тапсырыс бағалау бойынша ең төмен баға ұсынған және талап етілетін техникалық сипаттамаға сәйкес келетін қатысушыға тағайындалады. Сәтті қатысушы техникалық сиппатамада көрсетілген талаптарға сәйкес келісім-шартқа қол қояды.

 

  • ҰСЫНЫСТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ: Сіздің баға ұсыныстарына сұранымыңыз осы ұсыныстың 5-тармағында көрсетілген алынған соңғы күннен бастап қырық бес (45) күн бойы жарамды болуы тиіс.

 

  1. Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:

«ҚР Білім және ғылым министрлігі» ММ

Жастар корпусын дамыту жобасы

010000, Нұр-Сұлтан қ., сол жағалау, Сығанақ көшесі 43, «Аңсар» бизнес орталығы,

10-қабат, 1004-кеңсе

Есенов Дастан –  Жобаны басқару жөніндегі топтың заңгері,

Тел.: 8 775 670 77 55, 8 (7172) 644 -037

Электронды пошта: yessenov.dn@gmail.com

 

Дата публикации
13 декабря 2021