Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.
- Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен кейiн күшiне енедi.
|
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
|
|
Ш. Каринова
|
|
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
|
|
А. Цой
|
|
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
|
|
С. Шапкенов
|