Конкурстың мәні:
2022-2023 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Конкурстың ұйымдастырушысы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-17-39, 74-16-70, 74-22-84
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс «2022-2023 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 563 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар, аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген және жоғары оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші шекті мәннен төмен емес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық өтінім мынадай құжаттарды:
Конкурсқа қатысуға өтінімді, сауалнаманы, ақпараттық картаны және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ұсыныстарды Ұлттық тестілеу орталығының сайтында мына сілтеме бойынша https://infomap.testcenter.kz 2021 жылдың 24 қарашадан 3 желтоқсан аралығында, сағат 12:00 (Нұр-Сұлтан уақыты) дейін толтыру қажет.
Конкурстық құжаттамаға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысының ЭЦҚ қойылады.
Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде ақпараттық картада ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысы жауапты болады.