«Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. 1. «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 23626 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жібереді.»;

9-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Білім туралы құжаттарды тану мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарады, оның негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тану туралы куәлік ресімделеді.

Халықаралық шарттар болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші сегіз жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау арқылы тану рәсімін жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандарын тартады;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің сараптамалық бағалауы негізінде екі жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады не құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауап беріледі;»;

10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) білім туралы құжаттарды тану мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес тану негізінде көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде білім туралы құжатқа сәйкес тану туралы бұйрық шығарады және екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тану туралы куәлік беріледі.

Сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тану туралы бұйрық шығарылады не құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауап беріледі.»;

11 және 12-тармақтар алып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екі және одан да көп алғашқы 250 (екі жүз елу) позициясының қатарына кіретін (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Саймондс (QS World University Rankings, КьюЭс Ворлд Юниверсити Ранкинг), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities, академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес), басылым нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі Таймс (Times Higher Education World University Rankings, Таймс Хайер едукейшн Уорлд Юниверсити Ранкинг), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ЖЖОКБҰ-ның Білім туралы құжаттары білім туралы құжаттың берілген сәтіндегі түпнұсқалығын анықтау арқылы ғана танылады. Тану көрсетілетін қызметті берушінің осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беруі негізінде жүзеге асырылады.»;

19-тармақта:

бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) осы Қағидалардың 15 және 23-тармақтарында көрсетілген құжаттар санаты үшін оқуды жалғастыруға және (немесе) жұмысқа орналасуға құқық беріле отырып, ұсынылған құжат бойынша білім туралы құжатты тану туралы;»;

мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:

«Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Хабарлама (Хабарлама) тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты тану туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Тану туралы куәлік, Білім туралы құжаттарды қайтару немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;

26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген адамдардың ғылыми дәрежелерінің заңдастырылған немесе апостиль қойылған дипломдарын тану туралы өтінішті қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 13 (он үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау жүргізеді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің қорытындысы негізінде екі жұмыс күні ішінде тану туралы бұйрық немесе құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауап шығарылады;

5) бұйрық негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік ресімделеді;

6) тану туралы электрондық куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

  1. Осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілмеген адамдардың ғылыми дәрежелерінің заңдастырылған немесе апостиль қойылған дипломдарын тану туралы өтінішін қарау мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

3)көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің сараптама кеңесіне (бұдан әрі – Комитет) сараптамаға жібереді;

4) диссертацияны Сараптама кеңесінде қарау мерзімі 36 (отыз алты) жұмыс күнінен аспайды;

5) сараптама кеңесінің қорытындысы сараптама кеңесінің отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;

6) Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бір жұмыс күні ішінде тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады;

7) Сараптамалық кеңестің оң шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші ғылыми дәрежені, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ақталған доктор дәрежесін тану туралы дипломды таниды, екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік білім туралы құжатты тану туралы электрондық куәлік ресімделеді.

8) тану туралы электрондық куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;

28-тармақ алынып тасталсын;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.»;

33-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«4 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.»;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:

2-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

3-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

1) Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттар-15 (он бес) жұмыс күнін құрайды;

2) білім туралы заңсыз және рәсімделмеген құжаттар-30 (отыз) жұмыс күнін құрайды;

3) осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тұлғалардың ғылыми дәрежелерінің заңдастырылған немесе апостиль қойылған дипломдары 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

4) осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілмеген адамдардың ғылыми дәрежелерінің заңдастырылған немесе апостиль қойылған дипломдары 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.

  1. Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі-7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.»;

4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Электрондық (автоматтандырылған)»;

5-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті өкілдің «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде жіберіледі және сақталады.»;

7-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Порталда-техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).»;

8-жолда:

1 тармақта:

3-бағанның бірінші бөлігі алып тасталсын;

3-бағанның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«- портал арқылы жүгінген кезде:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы бар қосымшаның (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) электрондық көшірмесі.

Білім туралы құжаттарды заңдастырудың және (немесе) апостильдеудің күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (Келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және мөр мөртабанының аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынылады;

Құжаттардың осы тармақта көрсетілген қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмесін, мөрлер мөртабандарының аудармасын қоса алғанда, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) бірге ұсынады.

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін-білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

4) Егер білім туралы құжаттың иегері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өтсе, тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтың электрондық көшірмесін не бұйрықтан үзіндіні қоса беру қажет.

5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға немесе уәкілетті өкіл сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.»;

3-бағандағы 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері туралы дипломдарды тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ақталған доктор құжатын тану туралы электрондық куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1) сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде бейрезиденттің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

2) диссертация қорғалатын елде қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі және мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның (транскрипт) электрондық көшірмесі немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) төлем туралы мәліметтер.

Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы электрондық куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1) сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде бейрезиденттің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

2) диссертация қорғалатын елде қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі және мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның (транскрипт) электрондық көшірмесі немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын, жұмыс орны куәландырған электрондық көшірмесі.

6) төлем туралы мәліметтер.

Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болса, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1) сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде бейрезиденттің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

2) диссертация қорғалатын елде қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жолдаманың электрондық көшірмесі;

5) төлем туралы мәліметтер.

Егер көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жатпаған жағдайда, онда ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор құжатын тану туралы электрондық куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1) сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде бейрезиденттің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

2) диссертация қорғалатын елде қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның (транскрипт) электрондық көшірмесі немесе өткен оқу пәндері мен практикалардың көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) мөртаңбаларының аудармасын қоса алғанда, қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) электрондық түрдегі диссертация. Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (40 (қырық) мың баспа белгісінен кем емес) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда зерттеудің нәтижелері, мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі;

5) «мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) диссертацияны плагиатқа тексеру жөніндегі электрондық анықтамасы (еркін нысанда);

6) жарияланымдардың электрондық тізімі;

7) төлем туралы мәліметтер.»;

3-бағандағы 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған телнұсқа беру туралы өтініш;

2) сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде бейрезиденттің немесе уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын электрондық құжат;

3) Егер тану туралы куәлік иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) ауыстыру актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесін немесе МО АЖ-да мәліметтер болмаған кезде неке немесе некені бұзу туралы жазба актілерінің электрондық көшірмесін (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен) ұсыну қажет;

4) төлем туралы мәліметтер.»;

10-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар»;

3-бағанның үшінші абзацы алынып тасталсын;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

білім туралы құжаттарды тану қағидаларына 4-қосымша алынып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың                   1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
09 ноября 2021