Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асырады.
ҚР БҒМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) үйлестірушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
ЖБТ үйлестірушісі ЖБТ құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады және жобаны жалпы басқаруды, ЖБТ мамандарының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын болады. ЖБТ үйлестірушісі ҚР БҒМ басшылығына есеп береді және ЖБТ-ның үкіметтік органдармен, Дүниежүзілік банкпен және мүдделі тараптармен жұмысын үйлестіру үшін жалпы жауаптылықта болады. Жобаны іске асыру жөніндегі күнделікті жұмысқа байланысты жедел және өзге де мәселелер бойынша ЖБТ үйлестірушісі жобаны іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас жасайтын болады.
Тапсырманың ұзақтығы
Тапсырманың ұзақтығы 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) тиісті салалардағы жоғары білім, жобаларды басқару, білім беру, Халықаралық/ қоғамдық даму немесе экономика. Магистр немесе PhD дәрежесінің болуы артықшылық болады;
2) білім беру саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл тәжірибесі, білім беру саласында халықаралық сарапшылармен жұмыс және ынтымақтастық тәжірибесі; Дүниежүзілік Банктің жобаларында жұмыс тәжірибесі және Жобаларды басқару бойынша Дүниежүзілік Банктің рәсімдерін білуі; орта білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
3) құқықтық, институционалдық, шарттық және қаржылық мәселелер мен процестерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
4) іскерлік қарым-қатынастың тиімді дағдылары, ұйымдастырушылық және таныстыру дағдылары, командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағытталу;
5) қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру. Ағылшын тілін білу-бұл артықшылық.
ҚР БҒМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.
Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.
Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.
Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Нұр-сұлтан Қ.уақыты) 2021 жылғы 28 қарашаға дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: "ЖБТ үйлестірушісінің бос лауазымына".
"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы
Нұр-сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе
E-mail: eduproject2022@gmail.com