Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізім бойынша)
Күн тәртібі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына жаңа мүше сайлау туралы;
- Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді стандарттау мәселелері (Қоғамдық кеңестің бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және олардың іске асырылу нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның мүшесі О.В. Рыль).
ШЕШІМІ:
Қоғамдық кеңес құрамына жаңа кандидат сайлау туралы мәселесі бойынша:
- Қоғамдық кеңестің төрағасы С.А. Ирсалиевтің ақпаратын, Қоғамдық кеңестің мүшелері Л.М. Туркестанованың, С.А. Каликованың, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің құрамына кандидат Д.Р. Ашимбаевтың баяндамаларын тыңдап, Қоғамдық кеңестің құрамына Д.Р. Ашимбаевтың кандидатурасы мақұлдансын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - БҒМ), 2019 жылғы 24 сәуірдегі №167 БҒМ-мен бекітілген бұйрығына Қоғамдық кеңестің құрамына тиісті өзгерістер енгізу ұсынылсын.
- Д.Р.Ашимбаевқа отырыс өткізілген күннен бастап бір ай мерзімде Қоғамдық кеңес комиссияларының бірінің жұмысына қатысу туралы ұсыныстарды және қоғамдық бақылауға жататын және Қоғамдық кеңес отырысында талқылауға шығарылатын мәселелердің тізбесін енгізу ұсынылсын.
Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді стандарттау мәселесі бойынша:
- Қоғамдық кеңестің бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және олардың іске асырылу нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның мүшесі О.В. Рыльдің ақпараты назарға алынсын:
- БҒМ-ға мыналар ұсынылсын:
- Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді стандарттау және олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру мәселесін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік және халықаралық заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында ұсынылып отырған ескертулердің негізінде бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №382 «Террористік іс-әрекеттерден зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтудың қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №17 «Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
- Білім және ғылым министрінің «Террористік іс-әрекеттерден зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығының жергілікті атқарушы органдардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің ақпараты назарға алынсын.
- О.А. Худайбергеновтің БҒМ Тіл саясаты комитетінің тіл саясатын жүзеге асыруы туралы мәселені Қоғамдық кеңестің қарауына енгізу туралы ұсынысы мақұлдансын және БҒМ Тіл саясаты комитетіне Қоғамдық кеңестің келесі отырысына материалдар дайындау ұсынылсын.