2021 жылғы 9 айдағы ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2021 жылдың 9 айында 33 мемлекеттік аудит объектіcінде 15 аудиторлық іс-шара өткізді (2020 жылдан ауысқан аудиторлық шаралармен қоса алғанда).

Қазіргі таңда 12 аудиторлық іс-шаралар бойынша жолданған ұсынымдар мен тапсырмалар орындалу барысында.

3 аудиторлық іс-шара (20 объект) бойынша аудит материалдары іске асырылу сатысында.

Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 95 972,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражаты - 54 880,5 млн.теңге, квазимемлекеттік сектор активтері - 41 092,1 млн.теңге.

Дата публикации
12 октября 2021