ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ағымдағы жылдың 3-тоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша аудит жүргізді.
Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы самасы 7 940,7 млн.теңгені құрады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі аудит барысында республикалық бюджеттің кірісіне өтелген 9,1 млн.теңге соманы құрады.
Сондай-ақ, рәсімдік сипаттағы 11 бұзушылық фактісі анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша Министрлік анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.