Оқуға оңтайлы жағдай жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қоса берілген:
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т.Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
- Облыстардың білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімінің назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Аймағамбетов