Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.
Қызметінің негізгі мәні – инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіншіліктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім беретін элиталық білім беруге қол жеткізу болып табылады.
Кандидатқа қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе кәсіби білімі, немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 2 жыл педагогикалық еңбек өтілі болуы, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы өтілі соңғы 1 жылдан кем емес.
Қызметтік міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады, мектептің жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді және т.б.
Лауазымдық жалақы көлемі: еңбек өтіліне қарай 170 422 тенгеден басталады.
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны Министрлік сайтында жарияланады.
Өтініш пен жоғарыдағы аталған құжаттар белгіленген мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінде қабылданатын болады, телефон: 8(7172)74-24-19.