2021 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімін, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, тоқтату шарттарын енгізу нормаларын және енгізілетін өзгерістерге жүргізілген реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау бойынша қоғам, бизнес, мүдделі мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімін, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, тоқтату шарттарын енгізу нормаларына қатысты «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және лицензиялауға енгізілетін өзгерістерге өткізілген реттеушілік әсерін талдау нәтижелері «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылады.
Қоғамдық талқылау лицензиялау нормалары бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі барлығына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.