Кадрлық өзгерістер туралы мәлімет
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы қазан айындағы бұйрықтарымен:
- «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры лауазымына Баян Викторовна Файзуллина,
- «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына Ербол Бахтиярович Молдакасимов,
- «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Руслан Тохтарбекович Емелбаев,
- «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры лауазымына Сагдат Кабирович Садыков тағайындалды.