«Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

         БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 189 (28128);
    2013 жылғы 24 тамыздағы № 259 (27533); 2013 жылғы 28 тамыздағы
    № 261 (27535); 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 (27538); 2013 жылғы
    7 қыркүйектегі № 268 (27542); 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 276 (27550);
    2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 277 (27551); 2013 жылғы 2 қазандағы № 286 (27560) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа 1-132-қосымшаларға сәйкес білім беру мониторингінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  әкімшілік деректер нысандары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-138-қосымшалар осы бұйрыққа
1-132-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.02.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 20078 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 18.02.2020 11:32:35, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, 22.02.2020 13:30:23, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 24.02.2020 10:19:51, положительный результат проверки ЭЦП

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы «27» желтоқсандағы № 570 бұйрығына 1 - қосымша
Дата публикации
13 марта 2020