2021 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Университет) Ішкі аудит департаменті 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап 2021 жылғы 30-сәуірді қоса алғандағы кезеңге бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару және пайдалануына тиімділік аудитін жүргізді.
Жалпы, Университеттің қызметі жарғы мақсаттарына сәйкес келеді, қойылған бағыттары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар аудит барысында қаржылық бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижесі бойынша Университетке бұзушылықтарды жою және оларды болдырмауға ықпал ететін ұсыныстар мен тапсырмалар жолданды.