ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі туралы

2021 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі – Орталық) Ішкі аудит департаменті 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап 2021 жылғы 30-маусымды қоса алғандағы кезеңге бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару және пайдалануына тиімділік аудитін жүргізді.

Орталық қызметі жарғы мақсаттарына сәйкес келеді, негізгі бағыттары жүзеге асырылуда.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктер аудит барысында жойылды.

Аудит нәтижесі бойынша Орталыққа бұзушылықтарды жою және оларды болдырмауға ықпал ететін ұсыныстар мен тапсырмалар жолданды.

Дата публикации
18 сентября 2021