Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директордың бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: 050043, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Дарын-1 ықшамауданы, №47 үй, телефон 8 (7272) 299 71 19.
Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, қосымша, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру аумағында қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:
1) Балалар мен оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін және рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға ықпалын тигізетін білім беру бағдарламаларының кең спектерін әзірлеу және оларды іске асыру.
2) Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды және оқушы жастарды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру.
3) Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету және оларды тұлғалық дамытуға арналған гуманитарлық бағдарламаларды, соның ішінде қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
4) Оқушыларды медициналык қамсыздандыру және әр аймақтан келген балаларды жоспарлы сауықтыру.
5) Мемлекеттік жалпыға міндеггі білім беру стандарттарына сәйкес техникалык және кәсіби білім беру жүйесінде гуманитарлық-педагогикалық бейіндегі мамандарды дайындау.
6) Үздіксіз білім беру жүйесінде адамның үйлесімді дамуы мәселелері бойынша ғылыми-практикалық форумдарды, конференциялар мен семинарларды өткізу.
7) Балалар мен оқушы жастар үшін жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларды, конкурстарды, шығармашылық студиялар мен фестивальдарды өткізу.
8) Қызметтің негізгі мәні бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (811-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-23.