Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын үй алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимараты

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мен мақсаты - Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру сапасын арттырудың ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасындағы студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісінің енгізілуі болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса)
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 075-нысан бойынша).
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаментіне (811-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-23.

 

Дата публикации
28 сентября 2021