Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны теңгерімінен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

Дата публикации
21 сентября 2021