«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Министрлік «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы қаулы жобасында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінде сыртқы емтихандардың барлық түрлерін ұйымдастыруда және өткізуде Ұлттық тестілеу орталығының рөлін арттыру көзделеді. Жобаны 2021-2024 жылдар ішінде іске асыру Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін енгізуді жақсартуға, сондай-ақ қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралдарын әзірлеу бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоба 2021 жылғы 15 қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11499184).