Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, мүмкіндігінше шетелдік ЖЖОКБҰ-да алған білім; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе конкурстық лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.Конкурсқа қатысуға төмендегі тұлғалар жіберілмейді:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Петропавл қ., Пушкин к., 86, 2 корпус мекенжайы бойынша «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет (426 кабинет, телефоны: +77775122629).