Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жүргізген сыртқы мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ақпарат

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2018-2020 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ғылымды, орта және жоғары білімді дамытуға бөлінген қаражаттың, квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Министрлікке ведомстволық бағынысты 6 ЖОО, оның ішінде 5 ұлттық және 1 өңірлік ЖОО қамтылды.

Сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Министрлік орта білім және ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады және өзектендірді, жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту және оның сапасын арттыру бойынша жағдайлар жасалды, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және педагогтердің, оның ішінде профессорлар - оқытушылар құрамының жалақысын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Есеп комитеті сондай-ақ мектептерді цифрландыру, арнайы білімі бар педагогтердің тапшылығы, ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруды бағалау тетігі, «Серпін» жобасын іске асыру, үш ауысымды және апатты мектептердің болуы саласындағы жүйелі мәселелердің бар екенін атап өтті.

Есеп комитеті аудит қорытындысы бойынша Министрлікке тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар енгізді.

        

Дата публикации
09 июля 2021