"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің келесi бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Алматы қаласы, Сәтбаев к., 22 мекенжай бойынша орналасқан "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі - корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры; Басқарма мүшесі - ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры; Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры

Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беру, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Басқарма мүшесі - корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор:

Талаптар:

  • Білімі:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ғылыми дәреже.
    • Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде – 5 жыл.
    • Білімі мен дағдылары:
  • лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • қазақ, орыс және ағылшын (білген дұрыс) тілдерін еркін білу;
  • стратегиялық жоспарлау дағдылары;
  • тәуекелдерді басқаруды бағалай білу;
  • ЖОО-ның стратегиялық құжаттарын әзірлеу тәжірибесінің болуы;
  • тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

  1. Басқарма мүшесі - ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор:

Талаптар:

  • Білімі:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ғылыми дәреже;
  • білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы құпталады.
    • Білім беру немесе ғылыми ұйымдардағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде – 5 жыл.
    • Білімі мен дағдылары:
  • лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу;
  • білім беру саласындағы менеджменттің негізгі принциптерін білу;
  • бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;
  • тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

  1. Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор:

Талаптар:

  • Білімі;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы құпталады;

1.2 Білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде – 3 жыл.

1.3 Білімі мен дағдылары:

  • лауазымына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • қазақ, орыс және ағылшын (білген дұрыс) тілдерін еркін білу;
  • жастар саясаты негіздерін және білім алушылармен жұмыс істеуді білу;
  • SMM құралдарын білу;
  • бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;
  • білім алушылардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары;
  • тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

 

Келесідей тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:

  • жиырма бес жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған;
  • соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының белгіленген үлгідегі 3x4 түрлі түсті суретпен қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның  анықтамасы;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурс өтетін орны мен күні қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ корпоративтік хатшысының dana.bakhyt@inbox.ru электронды поштасына өткізу қажет: телефон нөмірлері: 8 (727) 320 40 25, +7 702 640 36 29.

Дата публикации
21 июля 2021