2021 жылдың ақпан айында Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Жалпы, Кәсіпорынның қызметі өз жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.
Сонымен бірге, аудит нәтижелері бойынша активтерді есепке алу және пайдалану, бухгалтерлік есепті жүргізу, ішкі бизнес-рәсімдерді ұйымдастыру жөнінде Кәсіпорын қызметінде жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында аудит объектісіне және мүдделі ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріне бақылауды күшейту және Кәсіпорын қызметі барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша пәрменді шаралар қабылдауға тиісті ұсынымдар берілді.