ҚР БҒМ «Өрлеу» білітілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-та ішкі мемлекеттік аудит нәтижелеріне қатысты

2021 жылдың наурыз бен сәуір аралығында Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-та (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.

Жалпы, Орталық қызметі өз жарғысының мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Сонымен бірге, аудит нәтижелері бойынша ішкі бизнес-процедулар және соны регламенттелмеу, мемлекеттік тапсырманы/тапсырысты орындау, активтер пайдалану және соны есепке алу бойынша Орталықтың қызметінде қаржы және процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Орталық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бақылауды күшейту және Орталық қызметі барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша пәрменді шаралар қабылдау объектісіне және мүдделі ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріне тиісті ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
25 июня 2021